Сқақов Ануарбек Ақылбекұлы

Сқақов Ануарбек Ақылбекұлы

Туған күні

13 қазан 1980 жыл

Өмірбаяны

Сқақов Ануарбек Ақылбекұлы 1980 жылы 13 қазанда туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң саласында жоғары білімі бар. 2008-2018 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мен Астана қаласында электр энергетикасы және энергиямен жабдықтау саласында түрлі қызметтер атқарды. 2018 жылдан бастап Астана қаласының Заң консультанттары палатасының төрағасы қызметін атқарып келеді. Қоғамдық қызмет аясында Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс жүргізіп келеді. 2012 жылдан бастап осы мәселе бойынша мемлекеттік органдармен және қоғамдық бастамалар аясында өзара іс-қимыл жасады. 2016 жылы зардап шеккен азаматтардың әлеуметтік қолдау алу құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған сот процестерін бастады. 2023 жылы бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына өтініш жолдауға бастамашы болды. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Кедергілер жөніндегі кеңесінің мүшесі (2020 жылдан), Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің мүшесі (2023 жылдан), ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің мүшесі (2025 жылдан). «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталған.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар