Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы

Өмірбаяны

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы 1978 жылы 21 наурызда Жамбыл облысында туған. Жоғары білімді. О. А. Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатын, Алматы энергетика және байланыс институтын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мәскеу қаласындағы «Сколково» басқару мектебінде Executive MBA бағдарламасы бойынша білім алған. Еңбек жолын ақпараттық технологиялар саласында бастап, «Kaznewtech» ЖШС директоры, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ информаттандыру бағытындағы кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз ету компаниялары қауымдастығының вице-президенті және президенті болды. 2014-2016 жылдары «Инвесторлар альянсы» қоғамдық бірлестігінің президенті қызметін атқарды. 2016 жылдан бері «Байтақ-Болашақ» экологиялық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (2019-2020), «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2020-2021), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының негізін қалаушылардың бірі. Экологиялық саясатты дамыту, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді. «Шапағат» медалімен (2020), «Құрмет» орденімен (2026) марапатталған. «Жыл меценаты» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі-2014» ұлттық сыйлығының иегері. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар