Әмірова Шолпан Кенесқызы

Әмірова Шолпан Кенесқызы

Өмірбаян

Амирова Шолпан Кеңесқызы – жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары, табиғи ресурстар және инвестициялық жобалар саласының сарапшысы. Бұл бағыттарда 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Мемлекеттік қызметтегі бас маманнан бастап табиғи ресурстарды игеру және инвестициялық жобаларды іске асыратын компаниялардың басшылық қызметтеріне дейінгі еңбек жолынан өтті. Кәсіби қызметінде жер қойнауын пайдалану жобаларын сүйемелдеу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, келісімшарттар мен лицензияларды рәсімдеу, техникалық-экономикалық негіздемелер мен инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу жұмыстарымен айналысты. Оның қатысуымен жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 50-ден астам келісімшарт пен лицензия рәсімделіп, инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Еңбек жолын Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінде бастаған. Кейін Атырау облысының Табиғи ресурстар басқармасында, «Атырау» ӘКК» АҚ-да, сондай-ақ «Атырау Тау Кен» және «Tau Ken Geology» компанияларында басшылық қызметтер атқарды. Бұл кезеңде табиғи ресурстарды игеру, бизнесті дамыту және инвесторлармен тиімді ынтымақтастық орнату бағытындағы жобаларды басқарды. Инженерлік-техникалық және заңгерлік жоғары білімі бар. Сертификатталған медиатор. 2023 жылы Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде қатысып, белсенді азаматтық ұстанымын танытты.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар