
Әміртаев Сапар Әбдіраманұлы
Әміртаев Сапар Әбдіраманұлы
Туған күні
19 шілде 1962 жыл
Туған жері
Шымкент қаласы
Отбасылық жағдайы
Үйленген, үш балалы әке
Өмірбаян
Әміртаев Сапар Әбдіраманұлы 1962 жылғы 19 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген. 1984 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында бастаған. 1984–2003 жылдар аралығында тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімшесінің бастығы, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІБ Тергеу қызметінің бастығы, облыстық ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, сондай-ақ Қаржы полициясы департаментінде басшылық қызметтер атқарған. 2003 жылдан бері адвокаттық қызметпен айналысады. Оңтүстік Қазақстан, кейін Түркістан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі. 2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болды. Қазіргі уақытта Түркістан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты. Үйленген, үш баласы бар. Заң саласында көп жылдық тәжірибеге ие, құқық үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында кәсіби қызмет атқарып келеді.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
