Айбеков Елдос Айбекұлы
Айбеков Елдос Айбекұлы
Өмірбаян
Айбеков Елдос Айбекұлы – қоғам қайраткері, басқарушы және білім беру, цифрлық технологиялар мен тұрақты даму саласының сарапшысы. Қаржы мамандығы бойынша жоғары білім алған. Ғылыми-зерттеу институтының негізін қалаушы, кәсіпкерлік пен экологиялық ойлауды дамытуға арналған білім беру жобаларының авторы. Әр жылдары мемлекеттік қызметте, бизнес құрылымдарында және ғылыми салада еңбек етті. Қазіргі таңда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары және партияның Саяси бюросының мүшесі. Өңірлік филиалдың жұмысын үйлестіріп, экологиялық және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады. Кәсіби және қоғамдық қызметінде экологиялық білім беруді дамытуға, цифрлық технологияларды енгізуге, жасыл экономиканы ілгерілетуге және тұрақты дамуға басымдық береді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталған.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы

Әміртаев Сапар Әбдіраманұлы
