
Ордабеков Айдос Бахытжанұлы
Ордабеков Айдос Бахытжанұлы
Өмірбаяны
Ордабеков Айдос Бахытжанұлы – заңгер, экономист және құрылыс саласының басқарушысы. Құқықтану және экономика мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Әр жылдары денсаулық сақтау мекемесінде, Шымкент қаласының Құрылыс бөлімінде және қала әкімінің аппаратында қызмет атқарған. 2019–2022 жылдары Әл-Фараби ауданы әкімдігі аппаратының инфрақұрылым және абаттандыру бөлімін басқарып, жол құрылысы, инженерлік желілерді жаңарту және аумақтарды көркейту жобаларын үйлестірді. Кейін құрылыс саласындағы жеке секторда басшылық қызметтер атқарып, қазіргі таңда «Достар Құрылыс» ЖШС-нің директоры. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі. Табиғатты қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму қағидаттарын қолдайды. Қоғамдық қызметінде экологиялық жауапкершілік пен өңірлік инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне басымдық береді.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
