Мартель Владимир Александрович
Мартель Владимир Александрович
Туған күні
16 қыркүйек 1969 жыл
Туған жері
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы (Луговое)
Отбасылық жағдайы
Үйленген, төрт баланың әкесі.
Өмірбаян
Мартель Владимир Александрович – заңгер, құқық саласының маманы, қоғам қайраткері және Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының хатшысы. Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бастап, кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында, Ақмола облысы әкімдігі аппаратында және Президент Әкімшілігінде қызмет атқарды. 1998–2004 жылдары Астана қаласы Алматы ауданының судьясы болды. Сондай-ақ заң компаниясын басқарып, азаматтық-құқықтық қатынастар саласында заң қызметтерін көрсетті. 2022 жылдан бастап Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының белсенді мүшесі. Қазіргі таңда партияның Саяси кеңесі мен Саяси бюросының мүшесі, партия хатшысы қызметін атқарады. Экология саласында айналым экономикасын (циркулярлық экономиканы) дамыту, қайталама ресурстарды тиімді пайдалану және пластик қалдықтарын азайту бағытындағы бастамалардың авторы. Оның бастамасымен Астана қаласында тозған автокөлік шиналарын қайта өңдейтін зауыт іске қосылды. Төрт баланың әкесі. Салауатты өмір салтын ұстанады.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
