
Құдеринов Мұрат Тасболатұлы
Құдеринов Мұрат Тасболатұлы
Туған күні
21 қыркүйек 1977 жыл
Туған жері
Қарағанды облысы
Отбасылық жағдайы
Отбасылы, екі баланың әкесі.
Өмірбаяны
Құдеринов Мұрат Тасболатұлы 1977 жылы 21 қыркүйекте Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер. 1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын прокуратура органдарында бастап, 2000–2010 жылдары Қарағанды облысының прокуратурасында қызмет атқарды. Кейін жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпорындарда заңгер, тауар биржасының Қарағанды облыстық филиалының басшысы және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ заң бөлімінің басшысы болды. 2015 жылдан бері «Наше право.kz» ЖШС директоры, ал 2019 жылдан Қазақстан заң консультанттары палатасы басқармасының төрағасы қызметін атқарады. 2015 жылы қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыс істейтін «Туған жер» қоғамдық бірлестігінің негізін қалады. Экологиялық заңнаманы бұзған кәсіпорындардың қызметін тоқтатуға бағытталған ондаған сот ісіне бастамашы болды. 2022 жылдан Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі, Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы, Саяси бюро және Саяси кеңес мүшесі. 2023–2025 жылдары Қарағанды қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты болды. Отбасылы, екі баланың әкесі.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
