Керей Бекберген Дүйсенбайұлы

Керей Бекберген Дүйсенбайұлы

Туған күні

1 қараша 1971 жыл

Туған жері

Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шалдай ауылы

Отбасылық жағдайы

Үйленген, екі баласы бар

Өмірбаяны

Керей Бекберген Дүйсенбайұлы 1971 жылы 1 қарашада Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шалдай ауылында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын инженер-жерге орналастырушы мамандығы бойынша тәмамдаған. Жалпы еңбек өтілі – 34 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі – 31 жыл. Үйленген, екі баласы бар. Еңбек жолын жер қатынастары саласында бастап, Павлодар облысында жер инспекциясы мен қоршаған ортаны қорғау органдарында қызмет атқарды. Кейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде экологиялық саясат, стратегиялық жоспарлау, жасыл экономика, халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар бағытында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2022 жылы «Қазгеология» ҰГБ» АҚ Инвестициялар департаментінде бас менеджер болды. 2023 жылдан бастап Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында басшылық қызметтер атқарып, Орталық аппараттың басшысы және Атқарушы хатшы болды. Қазіргі таңда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Жасыл экономика мәселелері бойынша хатшысы. Экологиялық саясатты дамыту, жасыл экономиканы ілгерілету және тұрақты даму қағидаларын жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргізуде. «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және ҚР Экология министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар