«Байтақ» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы
Алма Қараш
«Байтақ» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы
Алма Қараш
Өмірбаяны
Алма Қараш – экономист, өндіріс және жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпкері, қоғам қайраткері. Алматы облысында дүниеге келген. Экономика, өндіріс технологиясы, техникалық ғылымдар және құқық салалары бойынша білім алған. Еңбек жолын Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің экономика бөлімінде бастап, кейін Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде басшылық қызметтер атқарды. 2013 жылдан бері өндіріс және медицина саласындағы жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Қазіргі таңда ALMATEXTILE өндірістік компаниясы мен ADAL MEDPHARM медициналық орталығының құрылтайшысы. 2022 жылдан бастап Qaz Textile Industry жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалын басқарады. 2025 жылдан Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі мен Таза өндірістер кеңесінің мүшесі. 2025 жылдан Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі, Алматы қалалық филиалының төрайымы. Экологияны қорғау, жасыл экономиканы дамыту, отандық өндірісті қолдау және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізеді. 2026 жылы «Байтақ» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
