
Иманбаев Айдос Бейбітұлы
Иманбаев Айдос Бейбітұлы
Өмірбаяны
Иманбаев Айдос Бейбітұлы – заңгер, атқарушылық іс жүргізу саласының сарапшысы. Бұл салада 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын сот орындаушысы қызметінен бастап, кейін ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттар әкімшілігі комитетінде жетекші маманнан басқарма басшысына дейін көтерілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде қызмет атқарды. 2022–2026 жылдары Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының төрағасы болды. Қызмет барысында атқарушылық іс жүргізу жүйесін цифрландыруға, оның ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеке сот орындаушылары институтын дамытуға елеулі үлес қосты. Әділет министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің және Парламенттің заң жобалары жөніндегі жұмыс топтарының мүшесі болды. Халықаралық сот орындаушылар одағы Президентінің ТМД және Азия елдері бойынша арнайы кеңесшісі. Қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарияланған мақалалардың авторы, халықаралық кәсіби конференциялардың тұрақты қатысушысы.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
