Байтеміров Тұрсынбек Шерниязұлы
Байтеміров Тұрсынбек Шерниязұлы
Өмірбаян
Байтемиров Тұрсынбек Шерниязұлы – инженер-механик, өндіріс және сумен жабдықтау саласының басшысы. 1967 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған. Әскери борышын әуе-десант әскерлерінде өтеп, Таулы Қарабақтағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагері атанған. Еңбек жолын Орал механикалық зауытында бастап, кейін мемлекеттік қызметте және өнеркәсіп саласында жауапты қызметтер атқарды. Батыс Қазақстан облысы өнеркәсіп және отын-энергетика кешені департаментінде бөлім басшысы болды, кәсіпкерлікпен айналысты. 2019–2025 жылдары «Орал «Зенит» зауытында» маркетинг және өткізу жөніндегі басшылық қызметтерде еңбек етіп, кәсіподақ ұйымын басқарды. Қазақстан машина жасау саласына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның Құрметті машина жасаушысы» медалімен марапатталған. 2025 жылдан бері «БатысСуШар» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарады. Қоғамдық қызметінде ауыз су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға және өңірлердің тұрақты дамуына басымдық береді.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
