Баубек Нариман Асқарұлы

Баубек Нариман Асқарұлы

Өмірбаяны

Баубек Нариман Асқарұлы – инженер, ғылым және экология саласының сарапшысы. Менеджмент, химиялық технология және радиациялық қауіпсіздік бағыттары бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бастаған. Кейін өндіріс, инжиниринг және ғылыми-зерттеу саласында басшылық қызметтер атқарды. 2018 жылдан бері «Baiterek Engineering» ЖШС-нің директоры, онда экология, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, энергия үнемдеу, қалдықтарды басқару, ластанған суларды тазарту, парниктік газдар шығарындыларын азайту және озық технологияларды енгізу бағытындағы ғылыми-зерттеу жобаларын басқарады. Ғылыми жарияланымдардың, монографияның, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Еуропа патенттерімен қорғалған бірқатар өнертабыстардың авторы әрі тең авторы. 2025 жылдан Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі. 2026 жылдан Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының биофармацевтика және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі. 2025 жылдан Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы. Қоғамдық қызметінде экологиялық жауапкершілікті нығайтуға, ғылым мен өндірісті дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық береді.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар