
Әбдуалиева Айгүл Қадесқызы
Әбдуалиева Айгүл Қадесқызы
Өмірбаян
Әбдуалиева Айгүл Қадесқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, эколог, қоғамдық денсаулық сақтау саласының сарапшысы және қоғам қайраткері. Денсаулық сақтау, экология және тұрақты даму саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әр жылдары дәрігер, медициналық ұйымдардың басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Халықаралық экология академиясының президенті, «Экология» техникалық стандарттау комитетінің төрайымы және Экологиялық таза өнім өндірушілердің халықаралық қауымдастығын басқарады. Қазақстанда экологиялық стандарттарды жетілдіру, экологиялық сертификаттау жүйесін дамыту және халықаралық тәжірибені енгізу бағытында белсенді жұмыс істейді. Кәсіби және қоғамдық қызметінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға, тұрақты дамуға және экологиялық білім беруге басымдық береді. Бірқатар республикалық және халықаралық экологиялық жобалардың жетекшісі, 20-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы. Денсаулық сақтау, экология және қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
