Павлодарда өңірді көгалдандыру мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтті. Жиын облыстық Азаматтық альянсы мен «ЭКОМ» қоғамдық ұйымы бастамасымен ұйымдастырылды. Оған 25-тен астам адам атсалысты.
Талқылауға Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Бекберген Керей де қатысты.
Кездесуде өңірдің жасыл қорын дамыту, бар жасыл желекті сақтау және қалпына келтіру, елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ қоғам мен жергілікті органдардың экологиялық жауапкершілігін арттыру мәселесі көтерілді.
Бекберген Керей көгалдандыру жұмыстарына жүйелі түрде қараудың, бар ағаштарды сақтап қалудың және халыққа қолайлы әрі экологиялық қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызды екенін атап өтті.



