Орталық сайлау комиссиясы сағат 14.00-ге дейінгі аралық қорытындыны жариялады. Ресми ақпаратқа қарағанда, осы уақытқа дейін Қазақстандағы сайлаушылардың 53,12 пайызы өз таңдауын жасаған.
Жеті өңірде қатысу көрсеткіші 60 пайыздан асқан. Олар: Қызылорда (64,22%), Абай (63,07%), Жетісу (62,89%), Қарағанды (62.79%), Шығыс Қазақстан (61.10%), Ақмола (61.15%) және Ақтөбе (60.87%) облыстары. Ал белсенділігі ең төмен өңір – Алматы қаласы, мұнда сайлаушылардың 30 пайызы ғана дауыс берген.
Бұл күні Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Ресми дерекке қарағанда, елде дауыс беруге құқылы 12 605 788 адам тіркелген.




