Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.
Нәтиже бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан (92%), Жетісу (91%) және Қызылорда (90%) облыстарында тіркелген. Ал белсенділік ең төмен өңірлер – (51%) мен Алматы (43%).
Ресми ақпаратқа сәйкес, учаскелік сайлау комиссиялары дауыс санау ісіне кірісті. Дауыс берудің алдын ала қорытындысы 24 тамыз күні шығарылады.
Бұл күні Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеді. Ресми дерекке қарағанда, елде дауыс беруге құқылы 12 605 788 адам тіркелген.


