BAYTAQ төрағасы таңдауын жасады

BAYTAQ төрағасы таңдауын жасады

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев та ертемен сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Партия жетекшісі № 102 мектепте орналасқан №274 учаскеге сағат 9.00-де барды.

2026 ж. 23 тамыз

Ол бүгін – Қазақстан үшін тарихи күн екенін атап өтіп, елдің әр азаматы саяси науқаннан тыс қалмай, жарқын болашақ үшін дауыс бергені жөн, – деді.

Бұл күні Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі қызмет етеді. Ресми дерекке қарағанда, елде дауыс беруге құқылы 12 605 788 адам тіркелген.

145 депутаттан құрылатын бір палаталы Құрылтай сайлауына елде ресми тіркелген жеті партия «Ауыл», «Ақ жол», «Байтақ» жасылдар партиясы, «Әділет», ЖСДП, «Республика», «Қазақстан халық партиясы» қатысып жатыр. Олар саяси науқанға жиыны 500-ден астам кандидат ұсынған.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар