Үгіт-насихат жұмысы белсенді жалғасып жатыр

Үгіт-насихат жұмысы белсенді жалғасып жатыр

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Тегермен ауылында «Байтақ» жасылдар партиясының қолдауымен мәдени-экологиялық шара ұйымдастырылды. Кездесуге ауыл халқы түгел жиналды.

2026 ж. 16 тамыз

Шараға жасылдар партиясы атынан Құрылтай сайлауына түскен үміткер Андрей Краснокуцкий де қатысып, елдегі ағайынға сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Кандидат ауыл тұрғындарымен ашық пікір алмасып, өңірдің экологиялық және әлеуметтік мәселелеріне тоқталды.

Таулы экожүйені сақтау, ауаның тазалығы, таза ауыз суға қолжетімділік, шалғай елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту сияқты жұртты алаңдатқан түйткілдер көтерілді.

Жиын соңы мәдени кешке ұласты. Сахнада қазақ және ұйғыр тілдерінде әндер шырқалып, ұлттық би биленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, ауылдағы өзекті мәселені талқылауға мүмкіндік береді.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар