«Байтақ» партиясының төрағасы ЕҚЫҰ байқаушыларымен сайлау процесін талқылады

«Байтақ» партиясының төрағасы ЕҚЫҰ байқаушыларымен сайлау процесін талқылады

Астанада «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Құрылтай сайлауын бақылауға келген ЕҚЫҰ халықаралық байқаушыларымен кездесті. Брифингке ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерден келген 100-ге жуық парламент мүшесі мен парламент аппаратының қызметкері қатысты.

2026 ж. 21 тамыз

Кездесуде сайлау процесінің ашықтығы, халықаралық бақылаудың маңызы және партияның сайлауалды науқанының барысы талқыланды. Азаматхан Әміртаев халықаралық байқаушылардың сайлауға объективті әрі бейтарап баға берудегі рөліне тоқталды.

Азаматхан Әміртаев Байтақтың сайлауалды науқаны туралы да ақпарат берді. Оның айтуынша, партиялық тізім заңда белгіленген тәртіппен тіркелген, ал үгіт-насихат қолданыстағы заңнама талабына сәйкес жүргізіліп жатыр. Науқан барысында төрт кезеңнен тұратын теледебат, подкасттар және өңірлерде түрлі ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылған. Сонымен қатар партияның экологиялық керуені еліміздің бірнеше облысын қамтыды.

Басқосуда «Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары да таныстырылды. Партияның басты мақсаты – экологиялық қауіпсіз, экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабілетті және әлеуметтік жауапты Қазақстан қалыптастыру.

Тараптар сайлау процесінің ашық әрі заңға сай өтуінің маңызын атап, өзара пікір алмасты. Азаматхан Әміртаев халықаралық байқаушыларға жұмысы үшін алғыс білдіріп, партияның сайлау процесіне қатысушы барлық тараппен ашық әрі сындарлы диалогқа дайын екенін жеткізді.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар