«Байтақ» партиясы халықаралық байқаушылармен кездесті

«Байтақ» партиясы халықаралық байқаушылармен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалына ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының халықаралық байқаушылары барды.

2026 ж. 12 тамыз

«Байтақ» партиясы халықаралық байқаушылармен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалына ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының халықаралық байқаушылары барды. Миссия өкілдері Астрид Нуньес пен Василий Хлебушкин партия өкілдерімен кездесіп, өңірдегі сайлауалды науқанның барысымен танысты.

Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Тұрсынбек Байтеміров өңірдегі үгіт-насихат жұмыстары туралы айтып, науқанның барлық ауданды қамтып, заң талаптарына сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы, экологиялық қауіпсіздік, тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар халықаралық бақылаудың сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, оған деген қоғамдық сенімді арттырудағы маңызы сөз болды.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар