Табиғи мұраны қорғау – болашақ алдындағы жауапкершілік

Табиғи мұраны қорғау – болашақ алдындағы жауапкершілік

«Табиғат – ұлттық мұра» республикалық сараптамалық дөңгелек үстелдер циклі жалғасын тапты. Бұл жолғы жиын «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымымен өтті.

2026 ж. 17 тамыз

Жиын табиғатты қорғау саласындағы мамандардың тәжірибе алмасып, қоршаған ортаны сақтауға қатысты өзекті түйткілдерді талқылауға мүмкіндік берді. Кездесуде түрлі мәселе көтерілді: биоалуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, браконьерлікпен күрес, табиғи нысандарды қорғау.

Тараптар мемлекеттік инспекторлардың тәжірибесі, ғылыми мониторинг пен зерттеулердің маңызы, экологиялық туризмді дамыту және халықтың экологиялық сауатын арттыру мәселесін де пысықтады. Оң нәтижеге жету үшін табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру маңызды екені айтылды.

Дөңгелек үстелдер циклі мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық, қоғамдық ұйымдар мен табиғатты қорғау саласының сарапшылары арасындағы байланысты нығайтуға негізделген.

Қатысушылар табиғатты сақтау тек жекелеген мекемелердің емес, қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Өйткені табиғи мұраны қорғау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар