Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының кандидаты Алма Қараш пластик қалдықтарының қоршаған ортаға әсері және оларды қайта өңдеу мәселесіне назар аударды.
Айтуынша, пластик тек көшелер мен полигондарда ғана емес, өзендерде, таулы аймақтарда, тіпті ауа құрамында да кездеседі. Ғалымдар адам ағзасының тіндерінен микро- және нанопластик бөлшектерін анықтаған. Сонымен қатар оның адам жасушалары мен ДНҚ-ға ықтимал әсері де зерттеліп жатыр.
Алма Қараш пластик мәселесін жекелеген өндірушілермен байланыстыру дұрыс емес екенін айтады. Оның пікірінше, негізгі міндет – тұтынудан кейінгі қаптамалардың қоршаған ортаға түспей, қайтадан шикізатқа айналуына мүмкіндік беретін тиімді жүйенің қалыптасуы.
«Байтақ» партиясының сайлауалды бағдарламасында қалдықтарды нақты қайта өңдеу жүйесін дамыту мәселесі қарастырылған. Бұл ретте қайта пайдалануға болатын ресурстарды айналымға қайтаруға бағытталған тетіктерді жетілдіру жағына назар аударылған.






