Ысматуллаев Руслан Серікұлы
Ысматуллаев Руслан Серікұлы
Туған күні
1 қаңтар 1990 жыл
Туған жері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Отбасылық жағдайы
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Өмірбаяны
Ысматуллаев Руслан Серікұлы 1990 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында туған. Жоғары білімді. «Техник-жерге орналастырушы», «Кадастр» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр. Еңбек жолын жерге орналастыру саласында бастап, «АИС Қызылорда» ЖШС және «КазНефтеГазКонсалтинг» ЖШС мекемелерінде инженер-жерге орналастырушы қызметін атқарды. 2015-2019 жылдары Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап «RS-ЖОЛ СЕРВИС» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді. 2025 жылдан бастап Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы. Партиялық қызметі аясында экологиялық бастамаларды дамыту, қоршаған ортаны қорғау және өңірдің тұрақты дамуы бағытында жұмыс істейді.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
