
Тұртаев Болат Талғасұлы
Тұртаев Болат Талғасұлы
Өмірбаяны
Тұртаев Болат – мұнай-газ саласының инженері, кен орындарын игеру жөніндегі маман, өндірістік бөлім басшысы. Қазақстанның мұнай-газ саласында 12 жылдық тәжірибесі бар. Алматы қаласында туған. О. А. Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінде білім алған. Кейін Ұлыбританияда білімін жалғастырып, Ackworth School колледжін және Портсмут университетін «Мұнай инженериясы» (Petroleum Engineering) мамандығы бойынша тәмамдаған. Шетелде алған білімі мен тәжірибесі табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Қазақстанға оралғаннан кейін еңбек жолын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Инженерлік орталығында инженер қызметінен бастады. «ҚазНИПИмұнайгаз» АҚ және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС жобалау ұйымдарында кен орындарын игеру жобалары, гидродинамикалық модельдеу және геологиялық-техникалық іс-шараларды негіздеу бағытында жұмыс істеді. Мамандандырылған инженерден жетекші және аға инженер лауазымдарына дейін өсті. Қазіргі таңда Қызылорда облысындағы жеке мұнай компаниясында ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеу бөлімін басқарады. Өндірістік бағдарламалар, бюджеттер, мердігер ұйымдармен жұмыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне жауап береді. Сонымен қатар Швейцариядағы SBS Swiss Business School оқу орнында MBA бағдарламасы бойынша білім алуда. Инженерлік тәжірибе мен басқарушылық білімді ұштастыра отырып, өндірістік және экологиялық мәселелерге кешенді көзқарас қалыптастырған. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі, Құрылтай депутаттығына кандидат. Жасыл энергетиканы дамыту, табиғи ресурстарды жауапты пайдалану, су тапшылығы мәселелерін шешу және өңірлердің экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру бағыттарын қолдайды. Жастайынан футбол және бокс спорт түрлерімен айналысады. Кәсіби қызметінде талдау жасау, нақты деректерге сүйеніп шешім қабылдау және күрделі жағдайларда тиімді жұмыс істеу қабілетімен ерекшеленеді.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
