Тұртаев Алмат Керімбайұлы

Тұртаев Алмат Керімбайұлы

Туған күні

20 сәуір 1969 жыл

Туған жері

Алматы

Отбасылық жағдайы

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Өмірбаяны

Тұртаев Алмат 1969 жылы 20 сәуірде офицердің отбасында дүниеге келген. Балалық және жастық шағы Алматы қаласында өтті. Санкт-Петербург мемлекеттік сауда-экономикалық институтын тәмамдаған. 1987–1989 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери қызмет атқарған. Еңбек жолын Алматы қаласында экономист ретінде бастап, 1996 жылы Қазақстанның Мемлекеттік даму банкіне (Мемлекеттік экспорттық-импорттық банк) қызметке қабылданды. Әр жылдары маман, басқарма басшысы, департамент директоры және Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 1997–1999 жылдары банк атынан Қазақстан астанасын Астана қаласына көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысына қатысты. 2001 жылдан бастап «Қазкоммерцбанкте» басқарушы директор, Басқарма мүшесі, Коммерциялық дирекция мүшесі және Кредит комитетінің жетекшісі болды. 2005 жылдан инвестициялық компанияларда серіктес болып, мұнай-газ, өнеркәсіп, азық-түлік және жылжымайтын мүлік салаларындағы жобаларды іске асыруға қатысты. 2005–2015 жылдары Мәскеуде «Москоммерцинвест» компаниясын басқарды. Инвестиция, қаржы, мұнай-газ, құрылыс, қонақүй бизнесі және жылжымайтын мүлікті басқару салаларында мол тәжірибесі бар. Ресей Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (РАНХиГС) MBA дәрежесін алған. Қазіргі уақытта консалтинг және жылжымайтын мүлікті басқару саласында қызмет ететін компанияның миноритарлық акционері әрі басшысы. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар