Серікбаев Айбол Үсенұлы
Серікбаев Айбол Үсенұлы
Туған күні
3 сәуір 1990 жыл
Туған жері
Қызылорда қаласы
Отбасылық жағдайы
Үйленген, төрт баланың әкесі.
Өмірбаяны
Серікбаев Айбол Үсенұлы 1990 жылы 3 сәуірде Қызылорда қаласында туған. Жоғары білімді. «Техник-жерге орналастырушы» және «Кадастр» мамандықтары бойынша білім алған. Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл 3 ай. Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр. Еңбек жолын жерге орналастыру саласында бастап, «Ақпан-2003» ЖШС, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалы және «КазНефтеГазКонсалтинг» ЖШС мекемелерінде инженер-жерге орналастырушы және маман қызметтерін атқарған. 2023-2024 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2024 жылдан бастап «RS-ЖОЛ СЕРВИС» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылдан бастап Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы. Партиялық қызмет аясында өңірдегі экологиялық бастамаларды дамытуға, қоршаған ортаны қорғау және жасыл даму бағытындағы жұмыстарды ілгерілетуге үлес қосып келеді.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
