Сексенова Айман Казиевна

Сексенова Айман Казиевна

Туған күні

25 қараша 1980 жыл

Туған жері

Ақтөбе қаласы

Отбасылық жағдайы

Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр

Өмірбаяны

Сексенова Айман Қазиқызы – эколог, басқарушы және қоғам қайраткері. Экология, корпоративтік басқару және кадрлық менеджмент саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Адам ресурстарын басқару бойынша халықаралық CHRP біліктілігінің иегері, қазіргі таңда MBA бағдарламасы бойынша білім алуда. 2020 жылдан бері Eco Madeniet ЖШС-нің директоры. Экологиялық ағарту, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағытындағы жобаларды жүзеге асырып келеді. 2023 жылдан бері Ақтөбе қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты. Қазіргі таңда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы. Кәсіби және қоғамдық қызметінде экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, табиғи ресурстарды сақтауға, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамның экологиялық мәдениетін дамытуға басымдық береді. Мемлекеттік және ведомстволық наградалардың иегері.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар