
Сабырова Нұргүл Едігеқызы
Сабырова Нұргүл Едігеқызы
Өмірбаяны
Сабырова Нұргүл Едігеқызы – гидрогеология, инженерлік геология, геоэкология және жер қойнауын пайдалану салаларының маманы, техника және технология магистрі, эколог. Атырау мұнай және газ институтын және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдап, геолог, гидрогеолог және эколог мамандықтарын игерді. Техника және технология магистрі дәрежесіне ие, қазіргі уақытта Satbayev University докторантурасында докторлық диссертациясын қорғауға дайындалуда. Еңбек жолын «Атыраугидрогеология» ЖШС-де бастап, жетекші гидрогеологтан бас директорға дейінгі кәсіби жолдан өтті. Оның жетекшілігімен Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жерасты су қорларын зерттеу және бағалау бойынша 40-тан астам жоба жүзеге асырылып, халық пен өндіріс орындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге үлес қосты. Гидрогеология, сумен жабдықтау және мұнай өндіру салаларында 14 өнертабыстың авторы әрі патент иеленушісі. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері халықаралық конференциялар мен конгрестерде таныстырылған. Кәсіби қызметінде жерасты су ресурстарын ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді игеру мәселелеріне басымдық береді.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
