
Ордабеков Алтай Еркебекұлы
Ордабеков Алтай Еркебекұлы
Өмірбаян
Ордабеков Алтай Еркебекұлы – заңгер, қаржыгер, басшы және қоғам қайраткері. «Құқықтану» және «Қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білім алған. Мемлекеттік басқару, инвестиция тарту және бизнесті дамыту салаларында жиырма жылдан астам еңбек тәжірибесі бар. Еңбек жолын заң саласында бастап, кейін банк жүйесінде, инвестициялық ұйымдарда және ірі компанияларда жауапты қызметтер атқарды. Әр жылдары «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясында, сондай-ақ инвестициялық, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын ұйымдарда басшылық қызметтерде болды. Инвестиция тарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу және жаңартылатын энергия көздері бағытындағы әлеуметтік әрі өндірістік жобаларды жүзеге асыруға атсалысты. 2025 жылдан бастап Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы қызметін атқарады. Оның жетекшілігімен қаланы көгалдандыру, ауа сапасын жақсарту, су ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән берілуде. 2026 жылдың ақпан айынан бері «BBi Project» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келеді. Кәсіби қызметінде ашықтықты, жауапкершілікті және нақты нәтижеге қол жеткізуді басты қағида санайды.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
