Өміртай Амалбек Дәркенұлы

Өміртай Амалбек Дәркенұлы

Өмірбаяны

Амалбек Дәркенұлы – экономист, мемлекеттік басқару саласының маманы, қоғам қайраткері. Экономика ғылымдарының докторы (PhD), мемлекеттік қызмет пен өңірлік даму, инвестиция тарту, жастар саясаты және мәдениет салаларында тәжірибесі мол. 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдады. 2017 жылы магистратураны, 2021 жылы докторантура бағдарламасын аяқтады. Еңбек жолын «ПетроҚазақстан» АҚ-да кадр және құжат айналымы жөніндегі инспектор ретінде бастады. Кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде директордың орынбасары қызметтерін атқарды, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушылық қызметпен айналысты. 2018–2022 жылдары «Turkistan Invest» АҚ-ның директоры, Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының басшысы және Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. Бұл кезеңде өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру, жастар саясатын дамыту және мемлекеттік басқару тиімділігін күшейту бағытында жұмыс жүргізді. 2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары болды. Қазіргі уақытта Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарады. VII шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты болды. 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша бірмандатты округтен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде қатысты. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар