Мұсаев Ұлан Жолдошбекович
Мұсаев Ұлан Жолдошбекович
Өмірбаян
Мусаев Ұлан – қоғам қайраткері, педагог және мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенді азамат. Дінтану магистрі, араб тілінің аудармашысы. Балалық шағынан бастап церебралды сал ауруымен (ДЦП) өмір сүрсе де, қоғамдық өмірге белсенді араласып, білім мен қайырымдылықты өмірлік ұстанымына айналдырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дінтану мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін алған. 2009 жылдан бері Алматы қаласындағы №131 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Сонымен қатар 2009 жылы өзі құрған «Біз сіздермен біргеміз» қоғамдық бірлестігінің президенті. Ұйым мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау және қайырымдылық жобаларын жүзеге асырумен айналысады. Оның бастамасымен «Жүректен жүрекке», «Біз сіздермен біргеміз», «Көңілді думан», «Жастар дауысы – Алтын микрофон», «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» сияқты әлеуметтік және мәдени жобалар жүзеге асырылды. 2020 жылдан бері Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселелері жөніндегі кеңесшісі. Бұл қызметте ерекше қажеттілігі бар адамдардың қолжетімді ортада өмір сүруін жақсарту, мемлекеттік органдармен өзара байланыс орнату және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Қоғамдық және педагогикалық қызметі үшін көптеген алғыс хаттармен, дипломдармен және марапаттармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
