
Руслан Мұратұлы
Руслан Мұратұлы
Туған күні
10 ақпан 1989 жыл
Туған жері
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы
Отбасылық жағдайы
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Өмірбаяны
Руслан Мұратұлы 1989 жылы 10 ақпанда Түркістан облысы Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді, инженер-эколог. Шымкент колледжінде құрылыс мамандығы бойынша, жоғары оқу орнында «Химиялық заттар» мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қоршаған ортаны қорғау технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада білім алуда. 2008–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеген. Еңбек жолын құрылыс инженері ретінде бастап, кейін газ шаруашылығы саласында диспетчер және өндіріс шебері қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бері «КазОйлЭнерджи» ЖШС директоры. Компания басшысы ретінде өңірдің инфрақұрылымдық және экономикалық дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өндірісте экологиялық жауапкершілік қағидаттарын енгізуге үлес қосып келеді. 2025 жылдан бастап Кентау қаласы әкімінің инвестициялар жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі және Түркістан облысының джиу-джитсу федерациясының президенті қызметтерін атқарады. Қоршаған ортаны қорғау технологиялары, өндірістік инженерия және өңірлік даму салаларында тәжірибесі мол маман. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
