Мамытов Нұрғали Киябайұлы

Мамытов Нұрғали Киябайұлы

Өмірбаяны

Мамытов Нұрғали Қиябайұлы – заң ғылымдарының PhD докторы, құқық саласының сарапшысы, эколог және қоғам қайраткері. Томск мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1982 жылы тергеуші болып бастап, прокуратура органдарында ұзақ жыл қызмет атқарды. КСРО Бас прокуратурасында, Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорының міндетін атқарушы болды. Кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде және Президент Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарды. Прокуратура органдарының құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының ғылымына қосқан үлесі үшін» алтын медалімен марапатталған. Құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі сертификатталған сарапшы. Экология мамандығы бойынша білім алған. Бірқатар заң жобаларының, соның ішінде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң жобасының авторларының бірі. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Қоғамдық қызметте шахмат спортын дамытуға елеулі үлес қосты: Оңтүстік Қазақстан облыстық шахмат федерациясын басқарды, Шымкент қаласында шахмат клубын ашуға бастамашы болды. Үйленген, үш баласы бар.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар