
Махамбетова Назген Мансұрханқызы
Махамбетова Назген Мансұрханқызы
Өмірбаяны
Махамбетова Назген Мансұрханқызы – эколог, қоршаған ортаны қорғау саласының басшысы, экологиялық қауіпсіздік, өнеркәсіптік экология және орнықты даму бағыттарының сарапшысы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экология» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерімен тәмамдаған. Еңбек жолын жеке экологиялық ұйымдарда инженер-жобалаушы және верификатор ретінде бастап, экологиялық жобалау, табиғат қорғау құжаттарын әзірлеу, эмиссиялар нормативтерін дайындау және өндірістік кәсіпорындарды экологиялық сүйемелдеу салаларында жұмыс істеді. Кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық бақылау басқармасында сарапшы болып қызмет атқарып, мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыруға және экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге үлес қосты. Қазіргі уақытта «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы қызметін атқарады. Оның жетекшілігімен өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру, заманауи мониторинг жүйелерін енгізу және кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерін төмендетуге бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Қоғамдық қызметте экологиялық мәдениетті дамыту, азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және орнықты даму қағидаттарын ілгерілету бағытындағы бастамаларды қолдайды. Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясынан депутаттыққа кандидат ретінде экологияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі деп санайды.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
