
Қыдырбаев Ерлан Жайлаубайұлы
Қыдырбаев Ерлан Жайлаубайұлы
Туған күні
4 тамыз 1976 жыл
Туған жері
Алматы
Отбасылық жағдайы
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр
Өмірбаяны
Қыдырбаев Ерлан Жайлаубайұлы 1976 жылғы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін «Тұран» университетінде «Экономика және менеджмент» (2004) және «Құқықтану» (2013) мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Биология институты Экология кафедрасының аспиранты, орман зиянкестерімен күрестің биологиялық әдістеріне арналған ғылыми зерттеу жүргізуде. Еңбек жолын 1998 жылы бастап, коммерциялық құрылымдарда менеджер, коммерциялық директор және директор қызметтерін атқарды. Әр жылдары «Компания КЕНТ», «РПА Астана Медиа Сервис», «TAYER» компанияларында, сондай-ақ «ДАР» тұрғын үй-құрылыс кооперативінде басшылық қызметтерде болды. Қазіргі уақытта «Олтек Трейд» және «Азия-Auto Қазақстан» компанияларында коммерцияландыру жөніндегі маман болып жұмыс істейді. 2026 жылдан бастап ALEM желілік басылымының иесі. 2021–2023 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшесі болды. 2021 жылдан бері Астана қаласын өңірлік дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі. 2022 жылдан бастап Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі, партияның орталық аппаратының хатшысы. Отбасылы, үш баланың әкесі. І топ мүгедектігі бар.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
