
Күнғожин Алмаз Мұхамбетұлы
Күнғожин Алмаз Мұхамбетұлы
Өмірбаян
Күнғожин Алмаз Мұхамбетұлы – педагог, математик, PhD докторы, білім беру саласының басшысы және STEM-білім беру мен олимпиадалық қозғалыс бойынша сарапшы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бакалавриатын, магистратурасын және докторантурасын тәмамдаған, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Еңбек жолында математика пәнінің мұғалімі, олимпиадалық резерв жаттықтырушысы, жоғары оқу орнының оқытушысы қызметтерін атқарып, кейін білім беру ұйымдарында басшылық қызметтерге көтерілді. Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) Алматы қаласындағы филиалын басқарды, қазіргі таңда РФММ басқарма төрағасының бірінші орынбасары ретінде академиялық бағытқа жетекшілік етеді. Қазақстан құрамасын Халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO), Балқан математикалық олимпиадасына (BMO) және Еуропалық қыздар математикалық олимпиадасына (EGMO) бірнеше рет бастап барды. Ғылыми мақалалардың, авторлық куәліктің және олимпиадалық есептер жинақтарының авторы әрі тең авторы. Қазіргі уақытта Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Ұлттық Құрылтай депутаттығына кандидат. Қоғамдық қызметінде экологиялық мәдениетті, тұрақты дамуды және сапалы білім беруді елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың негізгі тетігі ретінде насихаттайды.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
