Кенжебекова Роза Темірқұлқызы

Кенжебекова Роза Темірқұлқызы

Өмірбаян

Кенжебекова Роза Темірқұлқызы – қоғам қайраткері, теміржол саласының тәжірибелі маманы, Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Әйелдер кеңесінің төрайымы. Жоғары экономикалық білім алған. Қазақстанның теміржол саласында 22 жылдан астам еңбек етіп, маманнан басшылық қызметтерге дейінгі жолдан өтті. Жезқазған қаласында және басқа да өңірлерде өндірісті дамытуға, еңбек ұжымдарын нығайтуға және басқару тиімділігін арттыруға үлес қосты. Қазіргі таңда «БАЙТАҚ» партиясының Әйелдер кеңесін басқарып, әйелдер көшбасшылығын дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отбасы мен жастарды қолдау, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету бағытындағы қоғамдық жобаларды жүзеге асырып келеді. Қоғамдық қызметінде қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік әділеттілік, отбасы құндылықтары және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін арттыру мәселелерін тұрақты түрде қолдайды. Отбасылық жағдайы: бір ұл тәрбиелейді.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар