
Кенжалиев Эльнар Бақдәулетұлы
Кенжалиев Эльнар Бақдәулетұлы
Өмірбаян
Кенжалиев Эльнар – инженер-металлург, техника ғылымдарының кандидаты. Тау-кен металлургиясы мен өнеркәсіп саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар, оның ішінде 10 жылдан астам уақыт басшылық қызметтер атқарған. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін үздік тәмамдап, кейін Металлургия және кен байыту институтында кандидаттық диссертация қорғады. Израильдің Технион технологиялық институтында ғылыми тағылымдамадан өткен. Ғылыми қызметі барысында 32 ғылыми еңбек жариялап, Қазақстан Республикасының патенттерін алды. Еңбек жолында Металлургия және кен байыту институтында, «Қазақмыс» корпорациясында, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясында және «Парасат» ғылыми-технологиялық холдингінде қызмет атқарды. Ірі өндірістік және инвестициялық жобаларды басқарды, тау-кен өндірісі, металлургия және инновациялық технологияларды дамыту бағытында мол тәжірибе жинақтады. Қазіргі таңда KazNewTech компаниясында кәсіпорынның стратегиялық дамуы мен инвестиция тарту бағыттарына жетекшілік етеді. Өнеркәсіпті дамыту мен қоршаған ортаны қорғау қатар жүруі тиіс деген ұстанымды қолдайды. Экологиялық қауіпсіз өндіріс, қалдықтарды қайта өңдеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және бұзылған жерлерді қалпына келтіру мәселелерін тұрақты дамудың негізгі бағыттары деп санайды.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
