Қамытбекова Сәуле Жайлауқызы

Қамытбекова Сәуле Жайлауқызы

Өмірбаяны

Қамытбекова Сәуле Жайлауқызы – заңгер, құқық магистрі, судья ретінде көп жыл еңбек еткен тәжірибелі маман. М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін және М. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің магистратурасын тәмамдаған. Еңбек жолын өндіріс пен білім беру саласында бастап, кейін сот жүйесінде және мемлекеттік қызметте еңбек етті. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында, Астана қаласы Соттар әкімшілігінде, Туризм және спорт министрлігінде, «Самұрық-Қазына» қоры жүйесінде қызмет атқарды. 2008–2017 жылдары Ақтөбе қалалық және Астана қаласының Алматы аудандық соттарының судьясы болды. 2017 жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламенті Аппаратында жұмыс істейді. Қазіргі таңда Мәжіліс Аппаратының заңнама және конституциялық мәселелер жөніндегі құрылымында басшылық қызмет атқарады. «Үш би» төсбелгісімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» және «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар