Каметов Бақыт Хабидоллаұлы

Каметов Бақыт Хабидоллаұлы

Туған күні

7 ақпан 1967 жыл

Туған жері

Гурьев қаласы (қазіргі Атырау)

Отбасылық жағдайы

Отбасылы, төрт баланың әкесі.

Өмірбаян

Каметов Бақыт Хабидоллаұлы 1967 жылғы 7 ақпанда Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Атырау педагогикалық университетін физика-математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Қарағанды жоғары полиция мектебінде заңгер және Ш. Есенов атындағы университетте экономист мамандықтарын алған. Еңбек жолын ішкі істер органдарында бастап, 1990–2006 жылдары учаскелік инспектор, қылмыстық іздестіру қызметкері, басқарма басшысының орынбасары, тергеу изоляторы мен түзеу мекемесінің бастығы, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін Жайық–Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясын, «Еңбек-Атырау» мекемесін басқарды, кәсіпкерлікпен айналысты. Сонымен қатар Атырау мұнай өңдеу зауытының күзет бөлімінің бастығы және «Тама-Кен» шаруа қожалығының басшысы болды. Қазіргі таңда Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі. Отбасылы, төрт баланың әкесі.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар