Қадырбаева Нұргүл Жұмахметқызы

Қадырбаева Нұргүл Жұмахметқызы

Өмірбаян

Қадырбаева Нұргүл Жұмахметқызы – педагог, бастауыш сынып мұғалімі, көпбалалы ана және қоғам белсендісі. «Отырар» университетін бастауыш білім беру мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004–2014 жылдары Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. Педагогикалық қызметпен қатар балаларды тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын дәріптеу және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып келеді. 2026 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде экология, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік бағытында біліктілігін арттырды. Қазіргі таңда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының қоғамдық бастамаларын қолдап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отбасы құндылықтарын нығайту және өскелең ұрпақтың сапалы тәрбиесіне үлес қосуға бағытталған жұмыстарға қатысады. «Мейірімді ана», «Мерейлі отбасы» және «Өнегелі отбасы» номинацияларының иегері.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар