Файзулин Тамирлан Банияминұлы
Файзулин Тамирлан Банияминұлы
Туған күні
20 тамыз 1990 жыл
Туған жері
Жетісу облысы
Отбасылық жағдайы
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Өмірбаяны
Файзулин Тамирлан Банияминұлы 1990 жылы 20 тамызда Жетісу облысында туған. Талдықорған қаласында тұрып, еңбек етіп келеді. «Қаржы» мамандығы бойынша Талдықорған гуманитарлық-экономикалық колледжін, кейін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономист» біліктілігі бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Талдықорған қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметтен бастап, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау бағытында жұмыс істеді. Кейін өндірістік салада еңбек етіп, учаске жұмысын ұйымдастыру, өндірістік тәртіп пен басқару мәселелері бойынша тәжірибе жинақтады. 2019 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады. Жетісу өңірінде әлеуметтік тұрғын үй құрылысы саласындағы мердігерлік жұмыстар, балық шаруашылығы және экологиялық туризм бағыттарын дамытып келеді. Негізгі мақсаты – өңірдің әлеуетін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының мүшесі. Жетісу облысы бойынша партияның сайлауалды штабының жетекшісі, Құрылтай депутаттығына кандидат. Аймақтың тұрақты дамуы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және халықтың әл-ауқатын арттыру бағыттарын қолдайды. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр. Қазақ, орыс, татар және ағылшын тілдерін меңгерген.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
