Жакишев Алмаз Әжібекұлы

Жакишев Алмаз Әжібекұлы

Өмірбаяны

Жакишев Алмаз Әжібекұлы – техникалық физика және экономика салалары бойынша магистр, қоғам белсендісі. 2023 жылдан бері Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарады. Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Техникалық физика» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан университетінде экономика магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде инженер болып бастаған. Әр жылдары «Jas Otan» жастар қанатының Өскемен қалалық филиалының төрағасы, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында робототехника пәнінің оқытушысы, Шығыс Қазақстан университетінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша аға оқытушы, Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығында сектор жетекшісі қызметтерін атқарды. Қоғамдық және экологиялық жобаларға белсенді қатысып келеді. Коронавирус пандемиясы кезіндегі еріктілік қызметі үшін Президенттің «Халық алғысы» медалімен марапатталған. Сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің, «Байтақ» партиясының және басқа да мемлекеттік органдардың алғыс хаттары мен марапаттарына ие.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар