Байзаханов Аслан Әділханұлы

Байзаханов Аслан Әділханұлы

Өмірбаян

Байзаханов Аслан Әділханұлы – дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау саласының сарапшысы және қоғам қайраткері. Денсаулық сақтау жүйесінде 15 жылдан астам еңбек өтілі бар. Медицина ұйымдарын басқару, денсаулық сақтау менеджменті, стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік жобаларды іске асыру бағытында мол тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары жоғары оқу орнында оқытушы, медициналық ұйымдардың басшысы және квазимемлекеттік секторда жетекшілік қызметтер атқарған. Қазіргі таңда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қалалық филиалының белсенді мүшесі. Кәсіби және қоғамдық қызметінде қоғамдық денсаулықты қорғау, экологиялық қауіпсіздік, тиімді мемлекеттік басқару және азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне басымдық береді. Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін «Алтын дәрігер» төсбелгісімен және мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар