Баяжұма Асылбек

Баяжұма Асылбек

Өмірбаян

Баяжұма Асылбек – саясаттанушы, журналист, публицист және қоғам қайраткері. Мемлекеттік басқару, идеология, халықаралық саясат, экология және тұрақты даму мәселелері бойынша сарапшы. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам еңбек етіп, аудандық деңгейдегі маманнан министрліктің орталық аппараты мен облыстық мемлекеттік органдардағы басшылық қызметтерге дейін көтерілді. Кейін бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам саласында еңбек етіп, қоғамдық пікір қалыптастыру, мемлекеттік саясатты талдау және ұлттық мүддені ілгерілету бағытында белсенді жұмыс жүргізді. Мемлекеттік басқару, экология, ұлттық қауіпсіздік, өңірлік даму және халықаралық саясат тақырыптарында көптеген сараптамалық мақалалар мен зерттеулердің авторы. Қазіргі таңда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы. Оның жетекшілігімен өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың белсенділігін арттыруға және «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар қоғамдық жобалар қолға алынды. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, қоғамдық-саяси даму тақырыбындағы кітаптардың авторы әрі ақын.

Басқа кандидаттар

Барлық кандидаттар