
Асқаров Бекзат Ерікұлы
Асқаров Бекзат Ерікұлы
Туған күні
26 сәуір 1988 жыл
Туған жері
Алматы қаласы
Отбасылық жағдайы
Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр
Өмірбаян
Асқаров Бекзат Ерікұлы 1988 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Қазақ ұлттық өнер университетінде және «Көкше» академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2008 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында бастап, «Астана», «Жетінші арна» және КТК телеарналарында журналист болып жұмыс істеді. Кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау комитетінде сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарып, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу салаларында тәжірибе жинақтады. Қазақстан Республикасының сертификатталған мемлекеттік аудиторы. Әр жылдары «Халықаралық ақындар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ мемлекеттік сатып алу саласының әдіскері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі және «Parasat» кәсіпкерлер альянсының департамент директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта заңгерлік қызметпен айналысады. Мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құқықтық сүйемелдеу және сотта өкілдік ету бағытында жұмыс істейді. Белгілі қазақ жазушысы әрі қоғам қайраткері Ерік Асқаровтың ұлы. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. Өмірлік ұстанымы – заң үстемдігін нығайту, әділдік қағидаларын қорғау және елге адал қызмет ету.
Басқа кандидаттар

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы
Әмірова Шолпан Кенесқызы
Айбеков Елдос Айбекұлы
