Сұрақ-жауап, пікірталас және шынайы диалог

Сұрақ-жауап, пікірталас және шынайы диалог

Сайлауалды науқан аясында BAYTAQ жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Айман Сексенова Ақтөбедегі «Global Trend» компаниясына барып, белсенді қызметкерлермен жолықты.

2026 ж. 17 тамыз

Ең алдымен ол партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, партияның мақсаты мен позициясын жан-жақты түсіндірді. Осыдан соң кездесу ашық пікір алмасу форматына ұласып, қатысушылар түрлі сұрақ қойып, жауап алды.

Бір сағатқа созылған жиында тараптар экология, қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу сынды қоғамның өзекті мәселелерін талқылады.

Айман Сексенова мұндай кездесулер маңызды екенін айтып, азаматтардың ұсынысы мен пікірін партия алдағы жұмысында ескереді деді.

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар