Өскеменде «Байтақ» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. Партия өкілдері қатарынан бірнеше шара өткізді.
Белсенділер «Есіктен есікке» акциясы аясында қала халқымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бағыттарын таныстырды. Насихат қоғамдық көлікте де жүрді. Жолаушыларға үгіт материалдары таратылып, партияның мақсаттары мен бастамалары туралы ақпарат берілді.
Партия атынан Құрылтай сайлауына түскен үміткер Алмаз Джакишев «Таза Өскемен» кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Жиында қаланың экологиялық жай-күйі талқыланды. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, ауа сапасын жақсарту, атмосфераның ластану деңгейін төмендету.
Кәсіпорын қызметкерлері экология саласындағы өзекті түйткілдерді көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар айтты. Шара еркін пікір алмасу форматында өтті.






