Теміртауда «Байтақ» партиясының үгіт-насихаты белсенді жүріп жатыр

Теміртауда «Байтақ» партиясының үгіт-насихаты белсенді жүріп жатыр

Сайлауалды науқан аясында Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат жұмысы жалғасты.

2026 ж. 12 тамыз

Теміртауда «Байтақ» партиясының үгіт-насихаты белсенді жүріп жатыр

Сайлауалды науқан аясында Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының үгіт-насихат жұмысы жалғасты. Қала аумағында Құрылтай сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттарды қолдауға арналған үгіт материалдары орнатылды. Олардың бәрі арнайы белгіленген орындарға ілінді.

Көрнекі материалдарда партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі басымдықтары туралы мәлімет берілген. Үгіт-насихат жұмысының мақсаты – халықты партияның ұстанымымен етене таныстырып, алдағы саяси науқан жайлы ақпараттандыру.

Жасылдар тұрғындарды 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді атсалысып, азаматтық позициясын білдіруге шақырды. Партия өкілдерінің пікірінше, әр дауыс – елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысып, Қазақстанның болашағына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді

BAYTAQ жаңалықтары

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

2026 ж. 23 тамыз

Қазақстандағы тұңғыш Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысқан

Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Ресми дерекке қарағанда, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған. Бұл – сайлаушылардың 74,19 пайызы.

Толығырақ
Барлық жаңалықтар